ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 ақпан 2017 09:39
Алматыда жол бойына жүгіріп шыққан мас қыз ірі жол апатына себепкер болды
17 ақпанда түнгі уақытта Алматыда үш көлікт жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы Жансүгіров көшесінің бойында ипподромға қарама-қарсы жерде болды. Жүргізушілердің айтуынша, жол бойына мас қыз жүгіріп шыққан. Жеңіл көліктің біреуі тоқтап үлгерген, алайда артында келе жатқан көліктер тоқтай алмай, бір-бірінің артынан соққан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шекті - LADA Granta автомобилінің жүргізушісі мен жолаушысы.
"Территория происшествий" бағдарламасы
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу