Алматыда жолаушы қыз өзін балағаттаған автобус жүргізушісін видеоға түсіріп, жариялады

Видеодан алынған кадр

Алматыда автобус ж?ргізушісі жолаушы ?ыз?а бала?ат с?здер айтты, о?и?аны? видеосы Instagram желісінде пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматыда автобус жүргізушісі жолаушы қызға балағат сөздер айтты, оқиғаның видеосы Instagram желісінде пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Instagram пабликтерінің бірінде қыз бен автобус жүргізушісінің арасында болған әңгіменің видеосы жарияланды, оны қыз оқиға кезінде түсіріп алған. Кадрдан ер адамның қызға балағат сөздер айтып, дөрекілік танытқанын көруге болады. Назар аударыңыз, видеода балағат сөздер бар!

"Бүгін №80 автобуста кетіп бара жаттым, жүргізуші Оңаймен немесе қолма-қол ақшамен жол ақысын төлеуді айтты. Мен СМС-пен төледім, осыдан кейін жүргізуші тиісіп, төбелеспекші болды", - деді қыз.

Реклама
Реклама

"Green Bus Company" ЖШС Алматы филиалының директоры Бауыржан Құлышевтің айтуынша, жүргізуші жұмыстан босатылады. "Жүргізушіні рейстен алып тастадық, дүйсенбіде жұмыстан шығарамыз", - деді Құлышев.

Сонымен қатар, ол жүргізушілер жәбірлеген жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін полицияға хабарласуға кеңес берді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама