Алматыда жолаушылар автобусы жеңіл көлікпен соқтығысты: 5 адам зардап шекті

© "Территория происшествий"

Алматыда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Алматыда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Оқиға БАК пен Жансүгіров көшелерінің қиылысында бағдаршам жұмыс істемей қалған сәтте болған. Куәгерлердің сөзінше, Toyota автокөлігін тізгіндеген әйел адам Жансүгіров көшесінен солтүстік бағытта келе жатып "Жол бер" белгісін елемей не байқамай қиылысқа шығып кеткен. 

Осы сәтте БАК бойымен шығыс бағытта Lexus автокөлігі келе жатқан. Жүргізуші әрекет етіп үлгермей, алдымен Toyota көлігіне соғысып, артынша жолаушылар автобусына қарай ұшып кеткен. 

Реклама
Реклама

Нәтижесінде жол-көлік оқиғасы кезінде 5 адам - екеуі Lexus, үшеуі Toyota автокөлігінің жолаушысы зардап шеккен.


© "Территория проишествий"

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама