Алматыда жолаушылар автобусы жолайрықтан аударылды

Сурет "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасынан

Алматыда жолаушылар автобусы жолайрықтан ұшып кетті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Алматыда жолаушылар автобусы жолайрықтан ұшып кетті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Сайын мен Райымбек көшелерінің қиылысындағы жолайрықта болған. Куәгерлердің айтуынша, қалааралық автобус Сайын көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. 

Жолайрыққа шыққан уақытта автобус жүргізушісі басқаруды игере алмай, жолаушылар көлігі көпірден құлап кетіп, бір жанымен жерге түскен. 

Реклама
Реклама

Жол апаты салдарынан автобус жүргізушісі зардап шекті. Әр түрлі дене жарақатымен оны жақын маңдағы ауруханаға жеткізді. 

Қалалық полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама