Алматыда жолаушылары бар автобус аударылды

Камила Долаева Журналист

Алматы маңында жолаушылары бар автобус аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы маңында жолаушылары бар автобус аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 15 маусымда сағат 14.27-де болған. № 203 маршрут Талғар - Алматы тас жолының бойымен солтүстік бағытта қозғалып бара жатқан. Автобус жүргізушісі жеңіл автокөлікпен соғысып қалмау үшін тежегішті басып, рөлді бұрған, нәтижесінде аударылып қалды.

Алматы қалалық мобильділік басқармасы берген ақпарат бойынша, салонда бірнеше жолаушы болған, екі адам жеңіл жарақат алған. Қалған жолаушылар медициналық көмектен бас тартып, басқа автобусқа отырып кеткен. 

Реклама
Реклама

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, автобуста 1963 жылы туған жүргізуші мен жеті жолаушы болған. Ақпарат бойынша, жол-көлік оқиғасы дөңгелекте болған ақаудан болған. Қазір бұл дерек бойынша қажетті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама