Алматыда жолүсті өткелінің астынан өтпекші болған ер адам қаза тапты

Алматыда жолүсті өткелінің астынан өтпекші болған ер адам қаза тапты © patrul.kz

Райымбек да??ылыны? бойында ер адам жаяу ж?ргіншілерге р??сат етілмеген жерден ж?гіріп ?темін деп, ?аза тапты, - деп хабарлайды patrul.kz.

Райымбек даңғылының бойында ер адам жаяу жүргіншілерге рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өтемін деп, қаза тапты, - деп хабарлайды patrul.kz.

Volkswagen Sharan автомобилі Райымбек даңғылының бойымен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Розыбакиев көшесімен қиылысқан тұста көлік енді көпірдің астынан шыға бергенде, белгісіз ер адам жолды қиып өтпекші болған. Минивэн жүргізушісі дереу әрекет етіп үлгере алмай, бар жылдамдығымен дәл жолүсті өткелінің астында ер адамды қағып кетті. 

Ер адам алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан ер адамның кім екенін анықтау мүмкін болмаған, себебі оның құжаттары өзімен бірге болмаған. 

Реклама
Реклама

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән жайын анықтап жатыр.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама