Алматыда жүк көлігі дүңгіршекті бұзып өтті

© YouTube

Алматыда жүк көлігі дүңгіршекті бұзып өтті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы.

Оқиға 6 қараша күні таңғы уақытта болды. Жүк көлігі Рысқұлов даңғылымен батысқа қарай бет алған. Ратушного көшесіне жетпей жүк көлігі белгісіз себептермен Honda CR-V автомобиліне соқтығысып, жолдың жиегіне шығып кеткен. Ол кейін дүңгіршекті жапырып кетіп, ғимаратқа соғылды.

Жүк көлігінің жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Айта кетейік, жол-көлік оқиғасы кезінде дүңгіршекте адам болмаған - сатушы оқиға болғанға дейін 10 минут бұрын шығып кетіпті.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама