ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 11 мамыр 2016 15:19
Алматыда жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болды
Алматыда жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ арнасының "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Man жүк көлігі Ақын Сара көшесімен шығысқа қарай жүріп бара жатқан. Ақ түсті Hyundai қарсы бағытта келе жатып, солға қарай бұрылмақ болып, жүк көлігіне жол бермеген. Жүк көлігінің жүргізушісі соқтығысудың алдын ала алмады. Салдарынан екі көліктің де жүргізушілері зардап шекті. Оларды оқиға орнына келген дәрігерлер ауруханаға жеткізді.
© "Территория происшествий"
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу