Алматыда жүк көліктері соқтығысты

Сурет "Территория происшествий" бағдарламасынан

Алматыда жол апаты салдарынан бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Алматыда жол апаты салдарынан бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Алматы қаласының Саин мен Жандосов көшелерінің қиылысында болған.

Куәгерлердің айтуынша, Howo жүк көлігі Саин көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан, осы кезде бар жылдамдығымен келіп Shacman көлігі соққан. Алдын ала мәлімет бойынша, соңғысының тежегіші істен шыққан. Shacman жүргізушісі әр түрлі дене жарақатымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Оқиғаның мән-жайын қалалық полиция өкілдері анықтайтын болады.

Реклама
Реклама


Сурет "Территория происшествий" бағдарламасынан

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама