Алматыда жүкті әйелді алып келе жатқан жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

© "Территория происшествий" бағдарламасының суреті

Алматыда ж?кті ?йелді алып келе жат?ан жедел ж?рдем к?лігі жол апатына ?шырады, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасында?ы "Территория происшествий" ба?дарламасыны? тілшісі.

Алматыда жүкті әйелді алып келе жатқан жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол апаты бүгін, 14 наурызда таңғы уақытта Райымбек даңғылы мен Бөкейханов көшесінің қиылысында болған. Жедел жәрдем көлігі Бөкейханов көшесімен оңтүстікке қарай жүріп келе жатқан. Жүргізушінің айтуынша, ол даңғылға жете бере көпір астында кептеліс пайда болғанын байқап, айналып өтуді ұйғарған. Ер адамның айтуынша, ол жарық шамдарын қосып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Себебі оның салонында жүкті әйел отырған.

Кейін қарсы бағытта Райымбек даңғылына шыға бергенде Daewoo көлігіне соғысып қалған. Жеңіл көлік Бөкейханов көшесімен солтүстік бағытқа қарай қозғалып келе жатқан.

Реклама
Реклама

Жол апаты салдарынан ешкім зардап шекпеді. Оқиға орнына басқа жедел жәрдем көлігі шақыртылып, жүкті әйелді сол көлік ауруханаға жеткізген. Айта кетейік, оқиғаның мән-жайын Алматы қалалық ІІД өкілдері анықтап жатыр.


"Территория происшествий" бағдарламасының суреттері

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама