Алматыда жүкті келіншекті пойыз басып кетті

© wheels-wings.com

"Алматы-1" станциясында жүкті келіншекті пойыз басып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, әйел аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Оқиға 7 қазанда күндізгі уақытта болды. 1990 жылғы келіншек №4 қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның басы жарақаттанған, миы шайқалған және бет-жақ сүйегіне зақым келген, тілі үзілген. Денсаулық сақтау басқармасының бас хирургы Нұржан Исабековтың айтуынша, зардап шеккен әйел жүктіліктің 39-40 аптасында болған. 

Дәрігерлер оның ішінен баланы жарып алған, бірақ шақалақтың да жағдайы аса ауыр болыпты. Дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Басқарма өкілдерінің айтуынша, ота жасалғаннан кейін де келіншектің жағдайы ауыр болып қалып отыр.

Реклама
Реклама

Оқиғаның мән-жайы айтылмай отыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама