ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 қазан 2017 09:36
Алматыда жүргізуші әйел екі көлікті соғып кетіп, оқиға орнынан жасырынбақшы болған
Алматыда Lexus тізгінін бас?ар?ан ?йел жол бойында т?р?ан к?ліктерді со?ып кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасында?ы "Территория происшествий" ба?дарламасыны? тілшісі.
Алматыда Lexus тізгінін басқарған әйел жол бойында тұрған көліктерді соғып кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы Тұрғыт Озал көшесінде болған. Әйел тізгінге ие бола алмай, жол бойында тұрған екі көлікті соғып кеткен.
Ешкім зардап шеккен жоқ. Куәгерлердің айтуынша, әйел жол-көлік оқиғасынан кейін жасырынып кетпекші болған, бірақ оны оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ұстаған.
Сондай-ақ, әйелдің мас күйде болғаны айтылады. Кейінірек әйел көлікте жалғыз болмағаны анықталған. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу