Алматыда жүргізушілердің төбелесі видеоға түсіп қалды

Алматыда ж?ргізушілерді? т?белесі видео?а т?сіп ?алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бейнеба?ылау камерасына Range Rover к?лігінен т?скен екі ер адамны? Lada Granta ж?ргізушісін ?рып-со??аны т?сірілген.

Алматыда жүргізушілердің төбелесі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бейнебақылау камерасына Range Rover көлігінен түскен екі ер адамның Lada Granta жүргізушісін ұрып-соққаны түсірілген.

Сөйтсек, оқиға 30 наурызда сағат шамамен 16.30-да Әуезов көшесінің бойында Қабанбай батыр мен Жамбыл көшелерінің аралығыда болған. Куәгерлердің айтуынша, Lada Granta солтүстікке қарай жүріп бара жатып, жол талғамайтын көлікке жол бермей, қарсы бағытқа қарай бұрылған. 

Осыдан кейін, куәгерлердің айтуынша, жүргізушілер ерегесіп қалған, кейін тоқтап, жол талғамайтын көліктің жүргізушісі Lada Granta жүргізушісін ұрып-соққан. Осыдан соң көліктен тағы бір адам шығып, соққыға жығылған ер адамға соққы жасайды. Іс біткеннен кейін екі ер адам көлігіне отырып, кетіп қалады.

Реклама
Реклама

Оқиғаның куәгерлері жәбірленуші жүргізушіне видеотіркеу құрылғысына жазылған таспаны берді. Кейбір мәліметтерге сенсек, видео Желіге шыққаннан кейін ұрып-соққандар жәбірленушіні тауып, кешірім сұраған-мыс. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама