Алматыда жүріп бара жатқан автобустан ер адам құлап түсті - видео

Видеодан алынған кадрлар

Алматыда жүріп бара жатқан автобустан жолаушы құлап түсті. Оқиғаның видеосын Kolesa.kz порталы жариялады.

Басылымның мәліметінше, оқиға 30 қараша күні Сүйінбай мен Фурманов көшелерінің қиылысында болған. Видеоны автомобильшілердің бірі түсірген. Кадрдан автобустың ортадағы жолақпен жүріп келе жатқанын және кенеттен жолаушылардың бірінің салоннан құлап түскенін көруге болады. Ролик авторы жолға құлап түскен ер адамды басып өтпеу үшін оңға қарай бұрылды.

Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккен ер адамды жедел жәрдем алып кетті. Оның жағдайы туралы мәлімет жоқ. Сонымен қатар, жолаушының автобустан қалай құлап түскені де әзірше белгісіз. Айта кетейік, Hyundai маркалы автобусы №86 бағыт бойынша жүреді, мемлекеттік номері - A 219 EL.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама