Алматыда жылу электр орталығы-2 маңында өрт шықты

Алматыда Жылу-Электр Орталы?ы-2 ма?ында ?рт шы?ты. ?аланы? шет айма?ында ?ндірістік цех ?ртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? ТЖД баспас?з ?ызметіні? ?кіліне сілтеме жасап.

Алматыда Жылу-Электр Орталығы-2 маңында өрт шықты. Қаланың шет аймағында өндірістік цех өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметінің өкіліне сілтеме жасап.

Өрт 10 қыркүйекте шамамен сағат екілерде басталған. "13.50-де 101 пультіне цехтың өртеніп жатқаны туралы куәгер хабарлаған. Ол Алатау ауданы, Алғабас ықшамауданында орналасқан Жылу-Электр Орталығы-2 маңында орналасқан. Өрт сөндіру қызметтері оқиға орнында. Қазіргі кезде ТЖД қызметкерлері өртті сөндіріп жатыр", - деді Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Реклама
Реклама

Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, өрт 14.21-де толығымен сөндірілген. "Өрттің аумағы 450 шаршы метрді құраған. Пенопласт шығаратын цех өртенген. Жеке құрамның 25 адамы мен бес арнайы техника жұмылдырылған", - деді ол.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама