Алматыдағы адамшошырлық жол апаты: Көз жұмған адам жол жөндеуші болып шықты

Алматыдағы адамшошырлық жол апаты: Көз жұмған адам жол жөндеуші болып шықты © patrul.kz

Алматыда?ы ?л-Фараби да??ылында бол?ан жол апатынан ?аза тап?ан ер адам "Алматы тазалы?" компаниясында жол ж?ндеуші болып ж?мыс істеген. Б?л туралы коммуналды? к?сіпорынны? Tengrinews.kz тілшісіні? ресми сауалына берген жауабында айтылады.

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан қаза тапқан ер адам "Алматы тазалық" компаниясында жол жөндеуші болып жұмыс істеген. Бұл туралы коммуналдық кәсіпорынның Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында айтылады.

"1969 жылғы ер адам "Алматы тазалық" коммуналдық кәсіпорнында 2016 жылдың 1 қарашасынан бастап жол жөндеуші болып жұмыс істеген. Әл-Фараби даңғылында Сейфуллин даңғылынан бастап Попов көшесіне дейін тазалық жұмыстарын жүргізген. Күндізгі уақытта жұмыс істеген. Қайғылы оқиға болған кезде ол жұмыс істеп жүрмеген, оның жұмыс уақыты сағат 17.00-де аяқталған. Қызметі барысында оның үстінен ешқандай шағым түспеген", - делінген компанияның жауабында.

Сондай-ақ, "Алматы тазалық" өкілдері арнайы киімдерге талап қойылғандықтан, жұмысшылардың сигналды киімдері бар екенін айтып өтті.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы 30 шілдеде түнгі сағат 02.20-да әл-Фараби даңғылында болды. 1998 жылғы жігіт Mercedes S-класс көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткен еді. Салдарынан ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Patrul.kz мәліметінше, жүргізуші сол кезде оқиға орнынан жасырынған. Бірақ біраз уақыттан кейін ол ұсталды. Айта кетейік, қаза болған ер адамның артында екі баласы мен әйелі қалды. Ағасының айтуынша, жүргізушінің туыстары оның отбасынан кешірім сұрады.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама