Алматыдағы әл-Фараби даңғылында ұрылардан құралған банда қолға түсті

К?ліктерден ба?алы заттар ?рлаумен айналыс?ан ?ылмысты? топ Алматыда?ы ?л-Фараби да??ылыны? бойында ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Көліктерден бағалы заттар ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ Алматыдағы әл-Фараби даңғылының бойында ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Ұрылар 31 мамырда даңғылдың Қожанов көшесімен қиылысқан тұсында ұстау мүмкін болған. Ұстауға Медеу аудандық ІІБ қызметкерлерінен тұратын мобильдік топ қатысқан. Полицейлердің айтуынша, 1986-1987 жылғы үш ер адам бірнеше рет тонаумен айналысты деген күдікке ілінген.

"Ұсталғандар ірі бизнес-орталықтарының автотұрақтарында күндізгі уақытта жүріп, көлік терезесін сындырып, бағалы заттарды алып кетіп жүрген. 31 мамырда мобильдік топ кеңсе ғимаратының маңында бақылау жүргізу барысында күдікті адамдарды байқап, оларды аңди бастады. Күдіктілердің көлігі әл-Фараби даңғылында тұсауға түсті. Ұсталғандардың бірі Алматы ауданында мүлікке қатысты қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған", - деп хабарлады ведомстводағылар. 

Реклама
Реклама


Куәгердің суреті

Полициядағылардың айтуынша, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. "Ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталу үстінде. Олардың Алматыда не істеп, немен айналысып жүргені анықталады", - деді ІІД өкілдері.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама