Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жаяу жүргіншіні мерт қылған 19 жастағы жүргізуші ауруханада жатыр

Алматыда?ы ?л-Фараби да??ылы мен Сейфуллин к?шесіні? ?иылысында жаяу ж?ргіншіні ?а?ып ?лтірген 19 жаста?ы ж?ргізуші ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы әл-Фараби даңғылы мен Сейфуллин көшесінің қиылысында жаяу жүргіншіні қағып өлтірген 19 жастағы жүргізуші ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жол-көлік оқиғасынан жүргізуші де жарақат алды. Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр. Оған қатысты бұлтартпау шарасы кейінірек таңдалады", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД өкілдері.

Сондай-ақ, полиция өкілдері жол апаты дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") және 347-бабы бойынша ("Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу")  сотқа дейінгі тергеудің жалғасып жатқанын айтып өтті.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы 30 шілдеде түнгі сағат 02.20-да әл-Фараби даңғылында болды. 1998 жылғы жігіт Mercedes S-класс көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткен еді. Салдарынан ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Patrul.kz мәліметінше, жүргізуші сол кезде оқиға орнынан жасырынған. Бірақ біраз уақыттан кейін ол ұсталды. Айта кетейік, қаза болған ер адамның артында екі баласы мен әйелі қалды. Ағасының айтуынша, жүргізушінің туыстары оның отбасынан кешірім сұрады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама