Алматыдағы автобустарға арналған арнайы жолақта ірі жол апаты болды

YouTube видеоролигінен алынған кадр. © Aden Maksat

Алматыдағы автобустарға арналған арнайы жолақта ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Motor.kz.

Үш көліктің соқтығысқан сәті куәгердің видеотіркегішіне түсіп қалды. Жазбадан оқиғаның 31 тамыз күні сағат 20.05-те болғаны байқалады, Mitsubishi Carisma автокөлігінің жүргізушісі арнайы жолақтағы рұқсат етілген жермен оңға қарай бұрылмақшы болған сәтте Mercedes-Benz W220 автокөлігі сол жолақпен жүріп келе жатқан. Соның салдарынан көліктер қатты соқтығысып, Mercedes сол жаққа қарай аударылып қалды, ал жапондық жеңіл автокөлік бұрылып, артқы жақ бөлігімен жолдың шетінде тұрған көлікке соғылды. Жол апатының салдарынан зардап шеккен адамдар туралы мәлімет жоқ.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама