Алматыдағы банк маңындағы тонау әрекеті видеобақылау камерасына түсіп қалды

Алматыдағы банк маңындағы тонау әрекеті видеобақылау камерасына түсіп қалды Видеоның кадры

Алматыда банк б?лімшесіні? ма?ында?ы тонауды? эксклюзив кадрлары пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео?а Тимирязев к?шесінде ?а?ты?ысып ?ал?ан т?рт ер адам т?сіп ?ал?ан.

Алматыда банк бөлімшесінің маңындағы тонаудың эксклюзив кадрлары пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоға Тимирязев көшесінде қақтығысып қалған төрт ер адам түсіп қалған.

Олардың екеуі қарсыластарынан сөмкеге ұқсас затты тартып алуға тырысып жатыр және қара күртедегі ер адамның тапаншаға ұқсас затты ұстап тұрғаны байқалады. Соңында шабуыл жасаушы екі адам көліктің алдымен жүгіріп өтеді. 

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, осыған дейін Тимирязев пен Марков көшелерінің қиылысында орналасқан "Алатау Гранд" бизнес орталығының маңында атыстың болғаны хабарланған болатын. Куәгерлердің айтуынша, атыс түскі уақытта болған. Банк бөлімшесінің күзетшісі бизнес орталықтың алдында атыс болғанын хабарлаған. Күзетшінің айтуынша, атыстан банк клиенті зардап шекті.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама