Алматыдағы барахолкада бутик өртенді

Алматыда барахолкада бутик ?ртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ку?герлер о?и?а орнынан видеолар жолдап жатыр. Алматы ?алалы? Т?тенше жа?дайлар ж?ніндегі департаменті базарда ?рт бол?анын растады.

Алматыда барахолкада бутик өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Куәгерлер оқиға орнынан видеолар жолдап жатыр. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті базарда өрт болғанын растады.

"2017 жылдың 4 шілдесінде сағат 08.35-те Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің "101" пультіне Алатау ауданында бутиктің өртеніп жатқаны жайлы хабарлама келді. Өрт сөндірушілер оқиға орнында. Өрт сөндіріліп жатыр", - деді Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Куәгерлердің айтуынша, өрт "Алатау" базарында щыққан.

Реклама
Реклама

Ал сағат 09.34-те Алматы қалалық ТЖД өкілдері өрт сөндірушілердің "Алатау" базары аумағында өртті сөндіргендерін хабарлады.

"Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жедел түрде өрт жайылып кетпей тұрып, төтенше жағдайды тоқтатты. Халық тұтынатын тауарлар сататын екі контейнерде өрт шыққаны анықталды. Өрт сағат 09.06-да сөндіріліп, сағат 09.20-да ауыздықталды. Өрт 60 шаршы метр аумақты қамтыды", - деді Алматы қалалық ТЖД өкілдері.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама