Алматыдағы "Мерей" сауда орталығының алдында болған жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты

Алматыдағы "Мерей" сауда орталығының алдында болған жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыдағы "Мерей" сауда орталығының алдында болған жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Сүйінбай даңғылының бойында "Мерей" сауда орталығына қарама-қарсы маңда болған. Сүйінбай даңғылымен солтүстік бағытта жолаушылар автобусы, Mitsubishi Delica және жүк көлігі кетіп бара жатқан. Mitsubishi Delica көлігін басқарып келе жатқан қыз автобустан озбақ болып, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Салдарынан жүк көлігі Delica автомобилін соққан. Соққыдан минивэн бұрылып кетіп, жолдан өтуге рұқсат берілмеген жерден өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алған жарақатынан ер адам оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар, Delica көлігінде отырған бір жолаушы зардап шеккен.

Жарнама
Жарнама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама