Алматыдағы трамплин маңында өрт шықты

@Tengrinews.kz

Алматыдағы тау бөктеріндегі халықаралық "Сұңқар "шаңғы трамплин кешені аумағында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт 30 шаршы метр ауданды шарпыды. Таудағы қоқыс өртенді. Оқиға туралы 101 нөміріне 18.12-де хабар келіп түсті. Өрт сөндіру машинасы кептеліске байланысты оқиға орнына 18.55-те ғана жетті. Жолдағы автокөліктер өрт сөндіру машинасын өткізбеген. Оқиға орнына келген төрт көлктің екеуі ғана жеткілікті болды. Қалған екеуі кері қайтарылды. Қазір өртті ауыздықтау жұмысы жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, өткен аптада Алматыдағы Көктөбеде құрғақшылық салдарынан өрт шыққан. Жалын 4 гектар ауданды қамтыды. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. 

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама