Алматыдағы "Үш-қоңыр" базарында өрт шықты

Алматыдағы "Үш-қоңыр" базарында өрт шықты Куәгер жолдаған сурет.

Алматыда "Үш-қоңыр" базарындағы техникалық қызмет көрсету орталығында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Төтенше жағдайдың суреттерін куәгерлер портал редакциясына жолдады.

Алматыда "Үш-қоңыр" базарындағы техникалық қызмет көрсету орталығында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Төтенше жағдайдың суреттерін куәгерлер портал редакциясына жолдады.

Өрт жайлы мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. Оның айтуынша, өрт Алатау ауданында Солтүстік айналма көшесі, №36 үйде шыққан.

"Үш-қоңыр" базарының аумағында бір қабатты ғимарат өртеніп жатыр. Өрттің аумағы анықталып жатыр. Оқиға орнында 24 өрт сөндіруші мен 8 арнайы өрт техникасы жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жайлы мәлімет түскен жоқ", - деп хабарлады Руслан Иманқұлов.

Жарнама
Жарнама


Куәгер жолдаған суреттер.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама