Алматыдан 320 шақырым қашықтықта магнитудасы 3,7 болатын жер сілкінісі тіркелді

Картада жер сілкінісінің эпицентрі көрсетілген. Сурет emsc-csem.org сайтынан алынды

4 сәуір күні Астана уақытымен сағат 17:59-да қазақ-қытай шекарасы маңында магнитудасы 3,7 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап. 

Сілкініс ошағы 3 шақырым тереңдікте болғаны анықталған. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматының солтүстік-шығыс бағытына қарай 320 шақырым, яғни Талдықорған қаласының шығысына қарай 183 шақырым, ал Жаркент қаласынан солтүстік-шығысына қарай 55 шақырым жерде тіркеліп отыр. 

Опат болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. 

Реклама
Реклама

16 наурызда таңертең Алматы қаласының оңтүстік-шығысына қарай 130 шақырым жерде магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Сілкініс ошағы 15 шақырым тереңдікте байқалған. Зардап шеккендер жоқ. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама