Алматыдан 35 шақырымда жер сілкінісі болды

©some.kz

Алматыдан 35 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ сілтеме жасап. 

Жер сілкінісі 10 ақпан күні Астана уақыты бойынша сағат 01.35-те тіркелген. Оның эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 35 шақырымда - Қырғызстан аумағында анықталды. 

Жерасты дүмпулерінің энергетикалық класы - 8,9. Оның ошағы 15 шақырым тереңдікте болған. 

Реклама
Реклама

Тербелістің сезілуі туралы мәлімет жоқ. Айта кетейік, сейсмологтердің мәліметінше, мұның алдында 9 ақпан күні Астана уақыты бойынша сағат 21.37-де Алматыдан 370 шақырымда жер сілкінген. Магнитудасы 4,2 болатын сілкіністің эпицентрі Қытай аумағынан анықталды. Жерасты дүмпулерінің әсері туралы мәлімет болған жоқ. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама