Алматыдан 75 шақырымда магнитудасы 4,5-ке тең жер сілкінісі болды

Карта ©some.kz

Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 75 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,5-ке тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулері 30 наурыз күні Астана уақыты бойынша 12.48-де тіркелді. Зілзала эпицентрі Алматы облысында - Қазақстан аумағында болды. Жерасты дүмпулерінің ошағы 10 шақырым тереңдіктен анықталды. Оның энергетикалық класы - 10,1. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет жоқ.

Алайда, Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмикалық орталығы Алматы маңындағы жер сілкінісі туралы өзгеше мәлімет таратып отыр. Олардың мәліметінше, магнитудасы 3,6-ға тең жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 74 шақырымда болды.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 29 наурызда магнитудасы 4,3-ке тең жер сілкінісі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 135 шақырым қашықтықта болды. Жерасты дүмпулері Астана уақыты бойынша 02.55-те тіркелді. Зілзала эпицентрі Қырғызстан аумағында болды. Жер сілкінісінің ошағы 15 шақырым тереңдіктен анықталды. Жерасты дүмпулерінің энергетикалық классы - 9,6. Жер сілкінісінің салдарынан зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет келіп түскен жоқ.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама