Алматыдан 83 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

Алматыдан 83 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды ©Some.kz

3 шілдеде Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 83 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясына сілтеме жасап.

Жер сілкінісі Қырғызстан территориясында болды. Жерасты дүмпулерінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған. Зілзаланың энергетикалық класы - 10.6. Жерасты дүмпулерінің адамдар мен ғимараттарға әсері туралы мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, осыған дейін 20 мамырда сағат 11.40-та Алматыдан шығысқа қарай 245 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісінің болғаны хабарланған еді.

Реклама
Реклама
 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама