Алматыға ұшып келген жолаушылардың бірі Эбола безгегін жұқтырған болуы мүмкін - БАҚ

15 наурызда Turkish Airlines әуе компаниясының Стамбұлдан Алматы қаласына таңғы уақытта келіп қонған ұшақтың ішіндегі адам Эбола безгегін жұқтырған болуы мүмкін, - деп хабарлайды Nur.kz ұшақ жолаушыларының біріне сілтеме жасап.

Жолаушы қыз ұшақтағы адамдарды бір сағаттан астам уақыт бойы шығармағанын хабарлады. "Ұшақты тазалайды. Адамдар комбинезон мен маскаларды киіп алған. Ұшақта бір ер адам қалды. Ол Эбола безгегін жұқтырған. Бізбен хабарласу үшін байланыс номерлерімізді алып жатыр. Инкубациялық кезеңді күтетін болады. Милиция видеоға түсіріп жатыр. Олар бізді қалай қалаға жібереді?", - деп хабарлады ол.

Сонымен қатар, жолаушы қыз безгек жұқтырды делінген адамның жол бойында ауырып келгенін айтты. Сағат таңғы тоғыз жағдайында Алматыдағы әуежайдан әзірше ешкім шығарылмады.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама