13 ақпан 2020 10:54

Алматы әкімі оқушылардың өліміне қатысты тергеу барысын бақылауға алды

© vluki.ru

Алматы әкімі оқушылардың өліміне қатысты тергеу барысын бақылауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі оқушылардың өліміне қатысты тергеу барысын бақылауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Құтқару қызметтері Алатау ауданында жоғалған оқушыларды іздестіру шараларын тоқтатты. Өкінішке қарай, Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсенғалиевтер қаза тапты.

Реклама
Реклама

"Жазым болған оқушылардың отбасылары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Полиция департаменті мен ТЖ қызметтеріне себептерді анықтау жөнінде арнайы топ құруды тапсырдым. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетеміз. Тергеу барысы менің жеке бақылауымда болады", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев. 

Осыған дейін қала әкімі Алматыда жоғалып кеткен үш оқушы өлі табылғанын жазды. 

"Құтқару қызметтері Алатау ауданында жоғалып кеткен оқушыларды іздестіруді аяқтады. Өкінішке орай, біз балалардан айырылып қалдық. Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсеғалиевтің қаза тапқаны туралы қайғыра хабарлаймын", - деп хабарлады қала әкімі.

Сағынтаев балалардың мұзы жұқа су айдынында қайтыс болғанын айтты.

"Жазым болған оқушылардың отбасылары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Біздің балалар мұзы жұқа су айдынында көз жұмды. Полиция департаменті мен ТЖ қызметтеріне себептерді тергеу жөнінде арнайы топ құруды тапсырдым. Зардап шеккендердің отбасыларына қолдан келгенше көмек көрсетеміз. Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды", - деді ол.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram