30 қаңтар 2024 | 09:32

Алматы әкімдігі "Қазақстан" қонақүйі маңындағы субұрқақты "бұзуға" қатысты пікір білдірді

Оқырманнан келген сурет

Алматы әкімдігі танымал "Қазақстан" қонақүйі жанындағы субұрқақтың құрылыс жұмыстарына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімдігі танымал "Қазақстан" қонақүйі жанындағы субұрқақтың құрылыс жұмыстарына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқырмандар Tengrinews.kz редакциясына Алматыдағы "Қазақстан" қонақүйі жанындағы субұрқақ "бұзылып" жатқанын хабарлады. Куәгерлердің айтуынша, сәулет ескерткіші маңында біраз құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Реклама
Реклама

Оқырман жіберген сурет

Алматы әкімдігі "Северные чаши" субұрқағы жеке меншік екенін және "Қазақстан" қонақүйі жерінде орналасқанын хабарлады. Бұл ретте, Қала құрылысы және урбанистика басқармасы онда құрылыс жұмыстарын жүргізуге жобалау алдындағы құжаттаманы берген жоқ.

"Қазір Алматы құрылысын бақылау басқармасы бұл учаскедегі құрылыс-монтаж жұмыстарын уақытша тоқтатты. "Крон Стар" ЖШС иесіне "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады әкімдік.

1977 жылы салынған "Қазақстан" қонақүйі Алматы символдарының біріне айналды. Ғимарат ұзақ уақыт бойы қаладағы ең биік ғимарат болды. 2010 жылы ол қаланың жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерінің жаңа мемлекеттік тізіміне енді. Субұрқақ қонақүй кешенінің бөлігі болып табылады және сәйкесінше күзет аймағына кіреді.

2021 жылы "Қазақстан" қонақүйі ғимаратының жанында әйгілі кеңестік суретші Владимир Твердохлебовтың мозаикасы жойылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная