17 қаңтар 2022 | 09:34

Алматы әкімдігі қызметкерлердің бір күндік жалақысын "Қазақстан халқына" қорына аударады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Алматы әкімдігі қызметкерлердің бір күндік жалақысын "Қазақстан халқына" қорына аударады. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімдігі қызметкерлердің бір күндік жалақысын "Қазақстан халқына" қорына аударады. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қасым-Жомарт Кемелұлының 11 қаңтардағы Парламент Мәжілісі отырысында берген тапсырмасын орындау аясында "Қазақстан халқына" атты әлеуметтік қор құрылып, қор басшысы тағайындалды. Осыған байланысты Алматы әкімдігі қызметкерлерінің бір күндік жалақысын қорға жіберу туралы шешім шығарылды", - деп мәлімдеді Бақытжан Сағынтаев.

Еске салайық, 11 қаңтарда Мәжілісте сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырған болатын.

Реклама
Реклама

"Қазақстан халқына" қоры немен айналысады?

Кейін Президент тапсырмасымен құрылған "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорының басшысы болып Болат Жәмішев тағайындалған еді.

Бұған дейін "Қазақстан халқына" қоғамдық қорында Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамы сайланғаны хабарланды. Қамқоршылық кеңес құрамына белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері, меценаттар және басқа да беделді азаматтар кірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная