26 сәуір 2019 10:48

"Алматы Арена" маңында төрт автокөлік соқтығысты

© "Территория происшествий"

25 сәуірде кешкі уақытта Алматыдағы Момышұлы көшесінің бойында "Алматы Арена" мұз сарайына жақын маңда жаппай жол апаты болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгерлердің айтуынша, Mercedes автокөлігі солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Артқа қайтып кетпек болған тұста, жүргізуші жолдың қарсы бағытында кетіп бара жатқан көліктерді жіберіп отырған. Осы кезде қатты жылдамдықпен жүйіткіген BMW автомобилі соққан. 

Реклама
Реклама

Ары қарай, Mercedes жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, Toyota Camry автокөлігіне соқтығысқан. Жапондық көлік өз кезегінде Момышұлы көшесімен оңтүстік бағытта кетіп бара жатқан Mercedes Sprinter фургонына соқтығысқан. 

Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті. Олар әр түрлі дене жарақатымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. 

© "Территория происшествий"

View this post on Instagram

A post shared by ДТП ЧП КРИСП НОВОСТИ АЛМАТЫ (@dtp_almaty_now) on Apr 25, 2019 at 10:16am PDT

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram