03 ақпан 2022 | 13:59

Алматы ауруханасында тасталған баланың әкесі болуы мүмкін деген адам табылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Алматыда төрт ай бұрын ауруханада тасталған баланың әкесі болуы мүмкін деген адам табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда төрт ай бұрын ауруханада тасталған баланың әкесі болуы мүмкін деген адам табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, болжамды әкесінің аты - Мейірбек Тілепбаев. Ол - 36 жаста. Ер адам баланы алып кетуге және оны өз бетінше тәрбиелеуге дайын екенін айтты. Сондықта 2 ақпанда ер адам баламен кездесу үшін медициналық мекемеге өзі келген.

"Олар баланы тастап кетті дейді. Бірақ олай емес. Оған ай сайын келіп тұрдым, дәрігерлер бұл туралы біледі. Мен Тәңірбергенге қарағандарына өте ризамын. Ұлымды тәрбиелеуге дайынмын. Қазір барлық қажет құжатпен айналысамын және оны алып кетуге дайынмын. Қажет болса, ДНҚ тестін тапсырамын. Бірақ Тәңірберген ұлым екеніне 100 пайыз сенімдімін", - деді Мейірбек Тілепбаев.

Реклама
Реклама

Телеарна мәліметінше, 2020 жылдың жазынан бастап баланың анасының қайда екені туралы мәлімет жоқ. Мейірбекке баланы жалғыз тәрбиелеуге тура келген.

Әлеуметтік желілерде тараған даулы мәселеден кейін туыстары пайда болған. Олардың айтуынша, Тәңірбергеннің осындай жағдайға тап болғанын және көмекке мұқтаж екенін білмеген.

"Біз Тәңірбергенді жаңалықтардан алғаш көрген кезде, оны бірден танымадық. Бірақ кейін туыстарымыз оның ағамыздың ұлы екенін айтты. Содан соң бірден ауруханамен байланысқа шықтық. Баланы балалар үйіне бермейміз, әрқайсымыз баланы қамқорлыққа алуға дайынбыз", - деді Жанар Тілепбаева.

Аурухана әкімшілігінің мәліметінше, әкесінің Тәңірбергенді заңды қамқорлығына қайтарып алуға барлық мүмкіндігі бар. Себебі Мейірбек Тілепбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалмаған. Заңгерлердің айтуынша, тек құжаттарды қалпына келтіріп, әкесі екенін дәлелдеу қажет.

"Біздің аурухана алған құжаттың бәрін қарайды. Бұл - ішкі істер органдары, яғни Әуезов ауданының полицейлері жасаған акт. Баланы әкелген кезде олар бізге әкесінің тіркелген жері бойынша акт берді", - деді №2 қалалық балалар ауруханасының заңгері Рүстем Балтабаев.

Әзірше Тәңірберген екінші қалалық балалар ауруханасында сынама тапсырып жатыр. Нәтижелер дайын болғаннан кейін баланы мамандандырылған балалар үйіне ауыстырады. Туыстары оны сол жерден әкете алады.

Ауруханада тастап кеткен: Алматыда 2 жасар бала бірнеше ай бойы ата-анасын күтіп жатыр

Кейін медицина қызметкерлері екі жасар тастанды балаға тәулік бойы ерекше қамқорлық көрсететіні хабарланған болатын. Бұл туралы Алматы қалалық №2 балалар ауруханасының қызметкері айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная