29 қазан 2018 | 08:11

Алматы-Бішкек автожолындағы ірі апаттан 21 адам зардап шекті

Камила Долаева Журналист
Видеодан алынған кадр

Алматы-Бішкек автожолының 23-шақырымында автобус пен микроавтобус соқтығысып, ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы-Бішкек автожолының 23-шақырымында автобус пен микроавтобус соқтығысып, ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлер оқиға түсірілген видеолар мен суреттерді әлеуметтік желілерде жариялады.

Реклама
Реклама

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, 21 адам дәрігерлердің көмегіне мұқтаж болған. Олардың алтауы Қаскелең ауруханасына жатқызылды, біреуі жансақтау бөлімінде. 

"Жол-көлік оқиғасы шамамен түскі уақытта болды. Mercedes-Benz Sprinter микроавтобусы мен автобус соқтығысты. Жолаушылар автобусында ешкім зардап шекпеді. Ал маршруткадағы жолаушының барлығын дәрігерлер алып кетті. Зардап шеккендер аман-сау", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Көбейхан Нұрахмет.

Ол алдын ала тергеу жұмыстары аудандық полиция департаментінің қатаң бақылауында екенін атап өтті. ҚР ҚК-нің 354-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.

Апат куәгерлері әлеуметтік желілерде жолда кептеліс болып жатқаны туралы хабарлаған. Нұрахметтің айтуынша, қозғалыс жылдам қалпына келтірілген, қазір жолда кептеліс жоқ. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ещё несколько видео дтп около Алматы в районе Киза

Публикация от Семья Kris P Brothers Almaty (@kris_p_brothers) 27 Окт 2018 в 11:40 PDT


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram