ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қараша 2023 | 14:51
Алматы-Бішкек тасжолында болған жол апатының мән-жайы белгілі болды
Полиция Алматы маңында Бішкек тасжолында болған жантүршігерлік жол апатының жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Полиция Алматы маңында Бішкек тасжолында болған жантүршігерлік жол апатының жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео бұған дейін әлеуметтік желілерде пайда болған еді.
Кадрларда жол апаты салдарынан көлік бүйіріне аударылып, жарықтандыру бағанасына соғылғаны көрінеді. Бұл ретте сол жерде жүк көлігі де тұрғаны байқалады.
Алматы облысының Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты 24 қарашада Алматы-Бішкек тасжолының 30-шақырымында болған.
"Toyota көлігінің 46 жастағы жүргізушісі өтіп бара жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ, көліктерге механикалық зақым келген", - деп хабарлады полиция.
Осы факт бойынша соқтығысуға жол берген Toyota жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Қазіргі уақытта барлық тескреу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также