Алматы-Бішкек тасжолында жол апатынан үш адам қаза тапты

Фото: әлеуметтік желіден

Алматы облысы Жамбыл ауданындағы жантүршігерлік жол апатынан бір адам жарақаттанып, үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы Жамбыл ауданындағы жантүршігерлік жол апатынан бір адам жарақаттанып, үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4 ақпанда Алматы-Бішкек тасжолының 102-шақырымында жол апаты болды. Алдын ала мәліметтер бойынша Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, Hyundai Elantra көлігімен соқтығысқан.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Реклама
Реклама

"Оқиға салдарынан екі жүргізуші мен Hyundai Elantra жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Chevrolet Cobalt көлігінің тағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда аса мұқият болуға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама