21 қараша 2019 | 16:27

Алматы - Бішкек тасжолында жүк көлігі автомобильді соғып өтті

Алматы облысының 22 жастағы тұрғыны, ВАЗ 2114 жүргізушісі жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының 22 жастағы тұрғыны, ВАЗ 2114 жүргізушісі жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі @almaty_dtp_rezerv паблигінде жарияланды. Видеода ВАЗ 2114 көлігінің қатты бүлінгенін байқауға болады.

Реклама
Реклама

Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері жол-көлік оқиғасының 21 қарашада Алматы - Бішкек тасжолының 31-шақырымында болғанын айтады. 

"Жеңіл көліктің жүк тасымалдайтын көлікпен соқтығысу салдарынан 22 жастағы жүргізуші қаза тапты. Ол - Қарасай ауданының тұрғыны. Ауруханаға жеткізілген соң, ол қайтыс болды. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталған", - деді өңірлік ПД өкілдері. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная