Алматы кафесінде даяшыны ұрған ер адам кешірім сұрады

Дина Шарипханова Корреспондент
Видеодан алынған

Алматыдағы кафелердің бірінде даяшыны ұрған ер адам кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы кафелердің бірінде даяшыны ұрған ер адам кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кафедегі оқиға 25 шілдеде болды, таңғы ас ішуге сағат 10-да келдім. Күтпеген жағдай болды. Даяшы үстіме кофе төгіп алды. Сол үшін оны шапалақпен ұрдым. Соққы қатты тиген жоқ. Бірақ бұл әрекетім адамгершілікке жатпайтынын түсінемін. Осы дерек бойынша жұртшылықтан және жәбірленушіден кешірім сұраймын", - деді ер адам видеода.

Реклама
Реклама

Дерек соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде 293-баптың 1-бөлігі бойынша тіркелген. Сондай-ақ, сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.

Айта кетейік, бұған дейін Желіде Алматыдағы кафелердің бірінде өзіне қызмет көрсеткен даяшыны ұрып жібрген ер адамның видеосы тарап жатқаны хабарланған болатын. Бақылау камерасынан түсірілген кадрлардан даяшы байқаусызда су құйылған ыдысты түсіріп алғаны көрінеді. Су үстелде отырған келушілердің біріне шашырап кетеді. Бұған жауап ретінде ер адам даяшыны бетінен ұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная