Алматы қаласында бағдаршамда тұрған жүк көлігі өртеніп кетті

Алматы қаласында бағдаршамда тұрған жүк көлігі өртеніп кетті © Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі

Алматы қаласында бағдаршамда тұрған Mercedes жүк көлігі өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға бүгін, 10 қарашада шамамен 19.00-де Райымбек және Сүйінбай даңғылдарының қиылысында болды. Бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған сәтте Mercedes автомобилінен от шығып, көлік толық жанып кеткен.   

Баспасөз өкілдерінің мәліметінше, "Мерей" сауда орталығына қарама-қарсы жолда Mercedes автомашинасының өртеніп жатқаны туралы хабар "101" пультіне сағат 19.03-те келген. "Өрт 19.17-де сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады қалалық ТЖД өкілдері. Зардап шеккендер жоқ.

Реклама
Реклама

© Видео Абай Ибраимов

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама