ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қыркүйек 2021 | 15:01
Алматы караоке-клубындағы төбелес: қызды ұрды деп айыпталғандар өз нұсқасын айтты
Алматыдағы караоке клубтарының бірінде соққы көрдім деген қыздың мәлімдемесіне қатысты екінші тарап өз нұсқасын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы караоке клубтарының бірінде соққы көрдім деген қыздың мәлімдемесіне қатысты екінші тарап өз нұсқасын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
29 жастағы Нұржанның айтуынша, сол күні кешке ол сүйіктісі және достарымен ойын-сауық мекемесінде болған. Оларға жақын маңдағы үстелде бір топ қыздар отырған, олардың арасында жәбірленуші Тоғжан Бегалина да бар.
"Олар жиналғандардың бәрінің назарын аудартты. Бізге дейін олар басқа қыздармен төбелесіп қалды. Осы төбелесте Тоғжан құрбысымен қарсыласып жатқан қызды жұдырықпен ұрмақ болды. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған", - деді ол.
Ер адам сүйіктісі осы төбелесті түсірмек болғанын айтты. Алайда Нұржанның айтуынша, видео түсіруді бастағанда Тоғжан Бегалинаның құрбыларынаң бірі телефонды еденге қағып жіберген.
"Мен қыздарды ажыраттым, бәрі тарады, біз үстелімізге отырдық. Бес минуттан кейін бізге Тоғжанның тағы бір құрбысы келді, ол төбелестің видеосын өшіруді сұрады. Біз келістік: қызым телефонын маған берді, мен өшіру үшін видеоны іздей бастадым. Осы кезде Тоғжан келді... Мұның бәрі видоға түсірілген", - деп қосты Нұржан.
Ол Тоғжан Бегалина сүйіктісіне жақындағанын, оның мойнынан ұстап, тұншықтыра бастағанын айтты.
"Әрине, менің құрбым қарсыласты және өзін қорғады. Ол бұрылған сәтте екеуі де құлап кетті. Біздің үстел би алаңында болған, олар баспалдақтан құлады. Тоғжан артында тұрғандықтан менің қызым оның үстіне түсті. Олар бір-бірін ұра бастады. Мен тез оларды ажыраттым. Видеоны өшіруді сұраған қыз да келді. Ол менің қызымды артынан келіп тұншықтыра бастады. Мен оған жақындап, оны жіберуін бұйырдым", - деп баса айтты алматылық.
Караоке-клубтағы төбелестің басталған кезі
Ер адам бұл төбелесте Тоғжан Бегалинаның тағы бір досы болғанын айтты. Оның айтуынша, ол Нұржанның сүйіктісіне де соққы беруге тырысқан.
"Мен Тоғжанды ажыратуға тырыстым. Ол қызымның шашынан жұлып жатқан еді. Осыдан кейін күзетшілер келіп, барлығын бөле бастады. Күзетшілер мені жасыруға тырысты, себебі төрт қыз маған шабуыл жасады. Күзетшілер Тоғжанды да шығарғысы келді, бірақ ол ыдыстарды қызметкерлерге лақтырды. Оның достары да айқайлап, ыдыстарды сындырды.
Кейін олар сыртқа шығып, менің қызымды күтті. Оны басқа күзетшілер шығарғаны жақсы болды. Біз такси ұстап кетіп қалдық. Мен Тоғжанды ұрып, тұншықтарып, басын жерге ұрған жоқпын. Ол полицияға жазған арызында осылай көрсетіпті. Менің салмағым 80 келі кез келген соққым қыздың денесінде із қалдырар еді. Бірақ онда бірде бір жара, көгеру ізі қалмаған. Оны қыздың суреттерінен де көруге болады", - деді Нұржан.
Ол келесі күні Тоғжанның атынан жағдайды түсінгісі келетін белгісіз ер адам қоңырау шалғанын айтты. Алайда, жігіт бұл адамдармен кездесуден бас тартқан.
"Мен караоке клубының қызметкерлерінен және қоғамнан кешірім сұраймын. Себебі, келесі күні құрбым екеуміз туралы әлеуметтік желілерде арандатушы басылымдар түрлі ақпарат жариялады. Бірақ мен Тоғжаннан кешірім сұрамаймын", - деп түйіндеді алматылық Нұржан.
Бұған дейін Алматы қаласының тұрғыны Тоғжан Бегалина қаладағы караоке-клубтардың бірінде соққы көргенін мәлімдеген болатын. Оқиға 12 қыркүйекке қараған түні болған. Сол түні қыз достарымен бірге туған күнін атап өткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также