28 қыркүйек 2021 | 17:38

Алматы қонақүйлерінің бірінде ер адам жанжал шығарды

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматы қонақүйлерінің бірінде мас клиент қызмет көрсету сапасына көңілі толмай, қызметкерге былапыт сөз айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қонақүйлерінің бірінде мас клиент қызмет көрсету сапасына көңілі толмай, қызметкерге былапыт сөз айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Түрксіб ауданында болған, онда 38 жастағы ер адам сүйіктісімен қонақүй нөмірін жалға алған. Бірнеше сағаттан кейін қонақүй қызметіне қанағаттанбаған ол ақшаны қайтаруды талап еткен.

"Деструктивті діни ағым белгілері бар ер адам мас күйде болған. Ол мекеме қызметкерлеріне былапыт сөздер айтып, дөрекілік танытқан, кетер алдында қабылдау бөлмесіндегі үстелді тепкен", - деді қалалық полиция бөлімі өкілі.

Реклама
Реклама

Бұзақы Алматы облысының тұрғыны екені белгілі болды. Оған қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғалған. Бұл бапта бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 10 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная