02 сәуір 2021 14:28

Алматы-Қордай тасжолындағы жүк көліктерінің кептелісі видеоға түсірілді

Видеодан алынған

1 сәуірде Алматы-Қордай тасжолында жүк көліктерінің үзын-сонар кептелісі пайда болды. Желіде көлік коллапсы түсірілген кадрлар жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 сәуірде Алматы-Қордай тасжолында жүк көліктерінің үзын-сонар кептелісі пайда болды. Желіде көлік коллапсы түсірілген кадрлар жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео кадрларларынан жүк көліктерінің "Алматы-Қордай" тасжолында екі бағытқа да тізіліп тұрғаны көрінеді. Жеңіл көліктер тек бір жолақпен қозғалып жатыр. Бұл сәтті куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Реклама
Реклама

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-тың Жамбыл облысындағы бөлімшесі кептеліс 1 сәуірде сағат 22.00-де "Алматы-Ташкент-Термез" республикалық маңызы бар тасжолда пайда болғанын хабарлады. Жүк көліктері ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдың жүріс бөлігінде тоқтауға мәжбүр болған.

"Жағдай жарты сағат ішінде қалыпқа келтірілді. Көлік жүргізушілерінің тасжолмен қауіпсіз және кедергісіз өтуі қамтамасыз етілді", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ өкілдері.

Бұған дейін 2021 жылдың алғашқы екі айында ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстан жолдары 539 рет жабылғаны хабарланған болатын. 500-ге жуық автокөлік қар құрсауынан шығарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram