25 желтоқсан 2021 | 13:29

Алматы-Қорғас тасжолында 17 көлік апатқа ұшырады

Фото: Instagram/kris_p_talgar_2

Алматы - Қорғас тасжолында 17 көлік апатқа ұшырады. Желіде ірі жол-көлік оқиғасының видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы - Қорғас тасжолында 17 көлік апатқа ұшырады. Желіде ірі жол-көлік оқиғасының видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аймақ полициясының мәліметінше, жол апаты Алматы - Қорғас автожолының 134-шақырымында сағат шамамен 10.00-де болған.

Реклама
Реклама

"Қалың тұманның салдарынан 17 автокөлік жол апатына ұшырады. Бес адам зардап шекті, олар Шелек ауылының аймақтық ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнында патрульдік полиция жасақтары жұмыс істеп жатыр. 84-тен 136-шақырымға дейінгі автожол учаскесі жабылды", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметіндегілер.

"Құрметті жүргізушілер, сіздерден қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуды сұраймыз! Жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтаңыз!" - деді полиция өкілдері қазақстандықтарға. 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылдың 25 желтоқсанында сағат 12.00-ден бастап тұман мен нөлдік көрінуге байланысты республикалық маңызы бар Алматы - Қорғас жолында (24-140-шақырым, Арман кенті - Шелек ауылы) барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс жабылды.

Бұған дейін Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, көрімділіктің төмендеуі) 25 желтоқсанда сағат 9.30-дан бастап Үшарал - Достық автожолының 83-184-шақырымында, Көктума станциясы - Достық станциясы учаскесінде (жөнделіп жатыр) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелгені хабарланған болатын

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная