15 қараша 2023 17:56

Алматы-Қорғас тасжолында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

@POLICE_of_KZ

Алматы - Қорғас тасжолында жол апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм-арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы - Қорғас тасжолында жол апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Жол апаты Жетісу облысы Панфилов ауданында өтетін республикалық автожолдың 333 шақырымында болған. Алдын ала болжам бойынша, 29 жастағы Toyota Camry жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Volkswagen Passat көлігімен соқтығысқан.

Реклама
Реклама

"Оқиға орнында 25-27 жас аралығындағы екі ер адам қаза болды. Тағы үш зардап шеккен адам жақын орналасқан ауруханаға түрлі жарақаттармен жатқызылды", - делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиға дерегі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен соталды тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram