Алматы - Қорғас тасжолында ірі жол апаты болды

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматы облысындағы тасжолда ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысындағы тасжолда ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Алматы-Қорғас тасжолында болған ірі жол апатының видеосы пайда болды. Кадрларда аударылып қалған жүк тиелген тіркеме мен қираған көліктер көрінеді.

Алматы облысының полицейлері жол апаты 26 ​​ақпанда сағат 11:00-де Алматы-Шелек-Қорғас тасжолының 42-шақырымында болғанын хабарлады.

Реклама
Реклама

MAN жүк көлігінің артқы жартылай тіркемесі шығып кетіп, DAF автотасығышына соғылып, соққы инерциясынан ол Mercedes-Benz автотасымалдаушысымен соқтығысқан.

MAN жүк көлігі бүйіріне аударылып қалған. Апат салдарынан автокөлік тасымалдаушыға тиелген көліктер механикалық зақымданған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі "Адамдардың денсаулығына, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің зақымдалуына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама