10 қыркүйек 2020 10:39

Алматы-Қостанай бағытындағы әуе рейсінде 70 жастағы ер адам қайтыс болды

Алматы-Қостанай бағытындағы әуе рейсінде 70 жастағы ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы-Қостанай бағытындағы әуе рейсінде 70 жастағы ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"9 қыркүйекте сағат 17.34-те Қостанай станциясындағы желілік полиция бөліміне Алматы-Қостанай бағытындағы әуе рейсінде 70 жастағы ер адам кенеттен көз жұмды деген хабарлама келіп түсті. Өлімнің алдын ала себебі - созылмалы ауру", - деді ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова.

Реклама
Реклама

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы дерек бойынша тергеу басталды.

"ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат таратылмайды", - деді ведомство өкілі.

Fly Arystan әуе компаниясы ақпаратты растады.

"Расында да осындай жағдай болды. Жолаушы 70 жаста еді. Рейс кешігіп ұшып кетті", - деді әуе компаниясының баспасөз қызметінің өкілі Ләззат Нәбиева.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram