11 ақпан 2020 | 16:39

Алматы маңында 22 балалы отбасының үйі өртеніп кетті

Алматы облысында 22 баланың анасы Зарина Шумаеваның үйі өртеніп кетті. Қазір оның отбасы көршілерін паналап жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында 22 баланың анасы Зарина Шумаеваның үйі өртеніп кетті. Қазір оның отбасы көршілерін паналап жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Өрт 10 ақпанда Абай ауылында болған. Отбасы мен жануарлар өрттен аман қалған, бірақ жеке заттар, жиһаз, техника мен киімнің бәрі өртеніп кеткен.

Реклама
Реклама

"Кешке үй төбесі өртенді. Біз заттарды алып шығуға тырыстық, бірақ өрт жылдам тарала бастады. Сол кезде балаларды ұстап далаға жүгіріп шықтық. Кейін күйеуім өртеніп жатқан үйден жануарларды алып шықты", - дейді Зарина Шумаева. 

Отбасыға киім-кешек пен азық-түлік әкеліп көмектесуге тырысқандар болыпты, бірақ оларды қоятын жер жоқ: отбасы қазір көршісінің кішкентай үйін паналап отыр.  

"Үй ескі, 1948 жылы салынған. Соңғы бірнеше жыл бойы шенеуніктерден жөндеу жұмыстарына қаражат беруді сұрағанмын, бірақ енді үйді қайта тұрғызуға келмейді", - дейді көпбалалы ана. 

Фото Facebook.com/boyntii

Отбасыға Қарасай ауданының әкімдігі көмектесуге уәде берді. 

"Оларға қонақүйге орналасу ұсынылған, бірақ олар бас тартып, көршілерінде қалды. Бүгін, 11 ақпанда, балаларының санын ескере отырып, меценаттардың қолдауымен уақытша баспана ұсынамыз. Үй кем дегенде 150-180 шаршы метр болады. Қазір екі нұсқа қаралып жатыр. Одан бөлек отбасыны тұрақты баспанамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүріп жатыр. Ауданның меценаттары бұл отбасыға үлкен үй сатып әперуге дайын екенін жеткізді", - деп хабарлайды Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев. 

Бұған дейін Tengrinews.kz тілшісі Шумаевтар отбасы туралы жазған. Зарина жарымен бірге бес туған баласы мен 17 асыранды баланы тәрбиелеп отыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная