ПОДЕЛИТЬСЯ
16 тамыз 2023 | 12:22
Алматы маңында бала жол апатына ұшырап, қашып кеткен: оқиға видеоға түсіп қалды
Алматы облысындағы елді мекендердің бірінде көлік тізгіндеген жасөспірім тосын жайға тап болды. Видеода көліктің қоршауға қалай соғылғаны, содан кейін жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалғаны көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының Полиция департаменті мәліметінше, автокөлік иесі анықталған. Ол 1981 жылы туған Н. болып шықты, ол баланың анасы болса керек. Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалғаны айтылды. Бұл заңбұзушылық 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.
"2007 жылы туған жасөспірім мінген көлік айып тұрағына қойылды. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін полиция қызметкерлері ата-анасымен және кәмелетке толмаған баланың өзімен профилактикалық әңгіме жүргізді. Тәртіп бұзушыны жылдам анықтауға және ұстауға ықпал еткен ақпарат үшін азаматтарға алғыс айтамыз", - деді полиция департаментіндегілер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также