ПОДЕЛИТЬСЯ
26 шілде 2021 | 15:59
Алматы маңында белгісіз біреулер 50-ге жуық мысықты тастап кеткен
Алматы маңынан қала тұрғындары елуге жуық мысықты тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы маңынан қала тұрғындары елуге жуық мысықты тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Марғаулар "Алтын орда" базары маңындағы шөл далада табылған. 26 шілдеге қараған түні оларды жергілікті тұрғындардың бірі тауып алған. Ер адам таңғалғанын жасырмай, оқиға орнынан видео түсіріп, әлеуметтік желілерге таратқан.
Кейін ол жерге еріктілер мен зоотехниктер келе бастаған. Олар мысықтарды тексеріп, алып кеткен. Олардың айтуынша, мысықтардың көбі инфекцияға шалдыққан болуы мүмкін, олардың жағдайы нашар.
"Адамның дауысына жүгірген мысықтар ешкімді бей-жай қалдырмады. Қаланың әр түкпірінен әртүрлі топ өкілдері таңертеңгі сағат екіде бірнеше көлікпен келіп, мысқатрды алуға асықты. Оқиға орнына келгендер таңғалғандарын жасыра алмады. Әртүрлі жастағы 40 мысық табылды. Олардан әрүрлі инфекция табылды. Алты мысықта панлюкопения, ал басқаларында ринотрахеит расталды. Үш ауыр жағдайдағы мысық клиникаға жеткізілді. Қалғандарын таңертеңге дейін Эльмира Муллаходжаева паналатты. Басқа баспаналар да көмек көрсетті. Мұнша көп мысықты емдеу, орналастыру және тіпті тамақтандыру үшін көп ақша қажет. Достар, мысықтарды құтқарайық", - деді еріктілер.
Назар аударыңыз, видеода әдепсіз сөздер айтылған!
Кейін бұл жағдайға белсенді әрі зоотехник Эльмира Муллаходжаева пікір білдірді. Оның айтуынша, барлық мысықтың жағайы өте ауыр. Сондай-ақ, үй жануарларының арасында жаңа туғандары да бар.
"Онда тағы адамдар жібереміз, өйткені түнде барлық мысықты табу мүмкін болмады. Кейбірі қашып кеткен болар. Қазір үш мысықты еріктілер алды. Төртеуін емханаға жібердік, қалғандары менің бақылауымда, оларға пәтер жалдадық, не боларын көреміз. Мысықтар бір ай карантинде болады", - деді ол.
Оның айтуынша, базар саудагерлері мысықтарды лақтырып жіберген. Мұның себебі - мысықтарға күтім жасаудың қымбат болуына байланысты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также